«Бұйым және тауар технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасы

Кафедра мегңгерушісі

Талгатбекова Акмаржан Женисбековна

«Бұйым және тауар технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасы Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі бойынша инженерлік кадрлар даярлауды 1987 жылдан бастап Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының базасында жүзеге асыра бастады.  

Кафедраның құрылуына Мәскеу жеңіл өнеркәсіп технологиялық институты, Ленинград тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты, Киев жеңіл өнеркәсіп технологиялық институты, Иваново тоқыма институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты сияқты жетекші жоғары оқу орындарының түлектері негіз болды. Олардың ішінде: т.ғ.д., профессор Рыскулова Бахыт Рыскуловна, т.ғ.д., профессор Нуржасарова Майра Абдрахмановна, т.ғ.д., профессор Жилисбаева Раушан Оразовна, доценттер Мынбаев Мурат Тайкельтирович, Уалиев Кахар Матмусаевич, Джакпарова Раиса Саткуловна, Хромцов Сергей Владимирович бар.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін «Бұйым және тауар технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасының жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы – үлкен ғылыми-педагогикалық және практикалық тәжірибесі бар жетекші ғалымдар мен мамандар қамтамасыз етеді: 2 техника ғылымдарының докторы, 6 техника ғылымдарының кандидаты, 1 PhD докторы, мамандарды даярлау бағыты бойынша 10 техника ғылымдарының магистрі.

Кафедрадағы профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби деңгейін дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын серіктес жоғары оқу орындарында және алыс (Италия, Англия, Португалия, Германия, Болгария, Венгрия, Чехия, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия) және жақын шет елдерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, РФ, Татарстан, Украина, Литва) ҒЗИ біліктілікті арттыру курстары мен ғылыми тағылымдамалардан, жеңіл өнеркәсіптің жетекші кәсіпорындарында өндірістік тағылымдамалардан өтеді, ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференцияларға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысады.

Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды оқытуға шетелдік оқытушылар мен өндірушілер қатыстырылады.

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз